Еркін күрестен ашық Ұлан ауданының турнирі » Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723342) 6-31-18
Есепші бөлімі:
+7(723342) 2-63-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2023

Еркін күрестен ашық Ұлан ауданының турнирі

Еркін күрестен спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші У.А.Можербаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық Ұлан ауданының турнирі Саратовка ауылында болып өтті. Бұл турнирге облысымыздың Тарбағатай, Зайсан, Ұлан, Глубокое, Катон аудандары, Өскемен қаласының спорт мектептерінен 130_дан аса палуандар кеп бақ сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында Грек рим және еркін күрес федерациясының президенті М.Музапаров құттықтау сөз сөйлеп Б.Ахметов атындағы орта мектеп оқушылары, облыстық дарынды балаларға арналған олимпиада резерві спорт мектеп- интернат жаттығушылары Серікбайұлы Нұраян., Сейлканов Әліжан., Кумарбеков Исламдарға "Спорт шеберлігіне үміткер" (КМС) спорттық дәрежесі куәлігін табыс етті. Сонымен қатар спорттық додаға "Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі" КММ "Еркін күрес" үйірмесінің палуандары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:
1. Сержан Әділет 1_орын
2.Серікбайұлы Нұраян 1_орын
3.Сейлканов Әліжан 1_орын
4.Кумарбеков Ислам 1_орын
5.Бигалиев Жігер 2_орын
6.Жумабеков Мәди 3_орын
7.Демешов Ерасыл 3_орын иеленді.
Жаттықтырушысы:Омаров Серикбай Ясинович
Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
#Shqo #ulan #bazylbekahmetovmektebi @bazylbek_ahmetova 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив