28
март
2023
Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Базылбек Ахметовтің 60 жас мерейлі мерекесіне арналған аудандық семинар өтті
15.02.2023ж күні "Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі" КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл және жауынгер-интернационалист, Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Базылбек Ахметовтің 60 жас мерейлі мерекесіне арналған аудандық семинар өтті. Іс -шара салтанатты жиынмен басталып, аудан әкімі орынбасары Қуат Барысұлы Окасов жиналған қауымді, Ауған ардагерлерін және Базылбектің жақындарын, мектеп ұжымы мен оқушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Батырды 1-минут еске алу және ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 2- бөлімде "Ауғанстан жарасы-жадымызда" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ауғанстан соғысы ардагерлері көпшілік алдында сөз сөйлеп, әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Базылбектің сыныптастары өз кезегінде көпшілік алдында Базылбектің өмірбаяны, балалық шағы жайында айтып өтті. Соңында Базылбектің жақындары сөз сөйлеп, осындай іс -шара ұйымдастырғаны үшін мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Қонақтарға дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

